Тасжолдың бір бөлігінде жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді
Ауа райының нашарлауына байланысты Абай облысында тасжолдың бір бөлігі жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
«Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолының Таскескен ауылынан Қалбатау ауылына дейінгі аралықта тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді», - делінген компания ақпаратында.