Дэйна Уайт қазақстандық файтердің қарсыласын атады
UFC президенті Дэйна Уайт америкалық Белл Мухаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жекке әзірлік жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Келесі жекпе-жекті Белл Мухаммад кіммен өткізеді? Шавкат Рахманов. Жекпе-жек дайындық үстінде», - деді Дэйна Уайт UFC 286 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Шавкат Рахмонов американдық Джефф Нилмен жекпе-жекті үшінші раундта нокаутпен аяқтап,UFC-дегі бесінші жеңісіне жеткен болатын.
UFC жартылай орта салмақ рейтингінде Белл Мухаммад төртінші орында болса, Шавкат алтыншы орында.