Сайлау күні елімізде 609 сәби өмірге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз жарық дүние есігін ашты

Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына сайлау күні елімізде 609 кішкентай қазақстандық дүниеге келді, оның ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекеттің одан әрі дамуы үшін осындай тағдырлы және маңызды күнде дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз! Бүгін республиканың стационарларында емделіп жатқан пациенттер үшін емдеуге жатқызу орны бойынша дауыс беру үшін жағдайлар ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.