Мәдениет және спорт министрі сайлауда өз дауысын берді
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз дауысын берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол сайлауда дауыс беру үшін Астанадағы № 130 сайлау учаскесіне барды.
«Бүгінгі сайлауда дауыс беріп, азаматтық борышымды өтедім. № 130 сайлау учаскесінде белсенділік өте жоғары, бұл отандастарымыздың саяси процеске үлкен ынтамен қатысып жатқанын көрсетеді және бұл қуанарлық жағдай. Қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, өз таңдауын жасауға шақырамын», - деді Асхат Оралов өзінің Facebook парақшасындағы постында.