Түркістан облысының Сайрам ауданына АҚШ-тан байқаушылар келді

Автор: Azattyq Rýhy

Саяси науқанды байқауға 12 халықаралық ұйым мен 41 елден 793 байқаушы қатысады

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы А.Байтұрсынов, М.Сапарбаев орта мектептері мен Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде орналасқан №560, №561, 531 сайлау учаскесіне шетелдік байқаушылар келіп, сайлау барысын бақылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олар учаскеде жарты сағатқа жуық жұмыс істеді. Байқаушылар Наталья Харитонова (Ресей) және Хемфил Стефан Рай (АҚШ) учаскеде сайлаудың өз заңдылығына сәйкес жүріп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, саяси науқанды байқауға 12 халықаралық ұйым мен 41 елден 793 байқаушы қатысады.