Бүгін елімізде Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өтіп жатыр
«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев Мәжіліс және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауында өз дауысын берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол Астанадағы саулау учаскесінде дауыс берді.
19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.