Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев өз таңдауын жасады

Автор: Әйгерім Ердәулет

Әнші сайлауға бару әрбір адамның борышы екенін айтты

Алматының №79 сайлау учаскесінде ҚР еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев депутаттарға дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгінгі күннің маңызын атаған ол Қазақстан әлемдегі әлеуметі, мәдениеті һәм күш-қуаты мықты державалардың қатарына қосылуына тілектестік білдірді.

«Сайлауға бару – әр адамның борышы. Осы арада «Неге?» деген заңды сұрақ туатыны анық. Қазір көптеген мүмкіндік ашылды. Елімізге жақсылық алып келетін оң өзгерістер орнап жатыр. Көптеген ілкімді іс қолға алынды. Жаңа һәм тың бастамалар көтеріліп жатыр. Қазіргі сайлау демократияны нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара деп есептеймін», - деді әнші.