Ол бұл сайлау жаңа заңнама бойынша өтіп жатқанын айтты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін – еліміз бойынша маңызды күн. Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлау жаңа заңнама негізінде өтіп жатыр. Бұл сайлаудың ерекшелігі – бір мандатты окуругтардың жүйесі арқылы сайланудың енгізілуі. Мәжіліске де, мәслихатқа да бұл жүйе қолданылып жатыр. Жалпы бұл өзгерістер қоғам тарапынан жақсы қабылданып жатыр. Осы сайлауда белсенділік жоғары екенін көріп отырмыз. Саяси партиялар өздерінің үгіт-насихаттарын жүргізді. Бір мандатты округтер бойынша азаматтар өз кандидатураларын ұсынды. Сайлауды ашық әрі әділ өткізу керек екенін Президент бірнеше мәрте айтқан болатын», - деді Мәулен Әшімбаев.
Еске сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.