Астана әкімі сайлауда дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл сайлау учаскесінде 2861 сайлаушы тізімге енгізілгенін айтты

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына №59 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жалғыз ғана мынаны айта аламын, Астана бойынша сайлау белсенді өтіп жатыр. Кадидаттар өте көп. 17 бірмандатты округ бойынша 150-ден астам кандидат бар. Мәжілістің 2 округі бойынша шамамен 70-тен астам кандидат бар. Бұл шынымен де үлкен бәсеке жүріп жатқанын көрсетеді», - деді қала әкімі.

Жеңіс Қасымбек БАҚ өкілдеріне берген жауабында бюллетеньдердегі «Бәріне қарсымын» деген бағанға қатысты пікір білдірді.

«Ешбір бюллетеньде ол бағанды белгілеген жоқпын», - деді әкім.

Өз сөзінде бұл сайлау учаскесінде 2861 сайлаушы тізімге енгізілгенін қозғап өтті.

«Дауыс берушілерге арнап 2881 бюллетень дайындалған. Тура таңғы сағат 7.00-де бастап кеттік. Небәрі жарты сағаттың ішінде 100-дей адам дауыс берді», - деді №59 сайлау учаскесінің төрағасы Амангелді Мырзабаев.