Премьер-министр алғашқы дауыс берушілердің қатарына қосылды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Ұлттық кітапханадағы №111 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.
Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны - 2 744.
Дәл осы сайлау учаскесінде Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин де дауыс берген еді.