Ол Ұлттық кітапханадағы сайлау учаскесіне келді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс және мәслизат депутаттарын кезектен тыс сайлауында Ұлттық кітапханадағы №111 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
“Бүгінгі сайлау - елде жүзеге асып жатқан реформалардың жалғасы. Өз кезегінде сайлаудың қорытындылары алда жүзеге асатын реформалардың алғышартын қалыптастырады”,- деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік кеңесші биылғы сайлаудың ерекшелігін айтып өтті.
“Бұл сайлауда ащаматтардың құқығы кеңейтілді. Осыған дейін пропорционалды жүйе бойынша тек партия атынан сайлауға түссе, бір мандатты округтар бойынша қарапайым азаматтар сайлауға түсе алатын болды. Бұл - сайлау таңдайының кеңеюі”,- деді ол.
Сайлау учаскесі елорда уақыты бойынша сағат 7.00-ден жұмысқа кірісті.
Сайлау учаскесінде есеп бойынша 2 771 бюллетень бар. Ал тіркелген сайлаушылар саны - 2 744.
Еске сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізілгеннен кейін Парламент Мәжілісі депутаттарының 70% – ы партиялық тізімдер бойынша, ал 30% - ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Осылайша, алдағы сайлауда партиялық тізімдер бойынша Мәжілістің 69 депутаты және бір мандатты аумақтық округтер бойынша 29 депутат сайланады. ҚР Парламенті Мәжілісінің 8-шақырылымы бойынша 98 депутат сайланады. Сайлауға қатысуға жеті саяси партия жіберілді.
Сондай-ақ, аралас сайлау жүйесі бойынша 50-де 50 арақатынасында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау өтеді. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда депутаттар тек бір мандатты округтер бойынша сайланады. Бұл ретте еліміздің 223 мәслихатында барлығы 3 415 мандат бар, оның ішінде 668 – облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың 20 мәслихатында, 617 – қалалық мәслихаттарда, 2 130 – аудандық мәслихаттарда.
Сайлауға келген еліміздің 17 облысының тұрғындары түрлі түсті бес бюллетень алады:
Өз кезегінде Астана, Алматы және Шымкент тұрғындары түрлі түсті төрт бюллетень алады: партиялық тізімдер бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша – көк, ал бір мандатты округтер бойынша – жасыл; қалалық мәслихатқа кандидаттарға дауыс беру үшін бюллетеньдер күлгін және қызғылт сары түсті болады.
Әр бюллетеньде "барлығына қарсы" деген баған болады.
Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.