Абайдың туған жылын, әліпбидегі әріп санын білмейтін жұлдыздар кімдер?

Автор: Azattyq Rýhy

Отандық бағдарламада жұлдыздар өздерінің білім деңгейін көрсетті 

«Жұлдызбысың?» ток-шоуында әнші, актерларға мектеп оқушыларының тарих пәнінде кездесетін сұрақтар қойылады. Ең қызығы қарапайым сұрақтарға кейбір қатысушылар жауап бере алмайды. «Еліміздегі өнер адамдарының деңгейі осы ма?» деген ойға қалдырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бағдарламаның бір шығарылымына қатысқан Бүркіт пен Мәдина Сәдуақасова әдебиет пен тарихқа қатысты сұрақтарға жауап береді. 

Мәдина Сәудуақасова «Абайдың туған жылы?» деген сұраққа ұзақ ойланып, «Мың сегіз жүз...» деп кідірді. Жүргізуші Қайрат Әділгерей бұл сұраққа жауапты естімеген соң келесі сұраққа көшті. Сондай-ақ әнші «Қазақстан көлемі бойынша нешінші орында тұр?» деген сұраққа «Үшінші шығар, жоқ бірінші орында  дей салайықшы» деп жауап берді. Ол сұрақтың жауабы, әрине, тоғыз еді. 

Ал әнші Айша Байбосынова қазақ тарихы мен әдебиетін мүлдем білмейтін болып шықты.

«Қазақстанның бірінші астанасы?» деген сұраққа «Алматы» деп жауап берді. Ал қазақтың ең алғашқы фильмі деген сұраққа «Мой милый доктор» деп күлкіге қарық қылды. 

Бұл бағдарламаларға жазылған пікірлер де әр алуан. 

«Айша мүлдем жауап бере алмады ғой. Қазақ  хандығы, теңге валютасының шыққан күндерін білмеді. Ұят. Осындай қарапайым сұрақтарды білмей ме? Бір сұрақтар қайталана береді, жаттап алса болады ғой. Айша деген әнші бар ма еді өзі?», - деп жазған көрермен.