Елена Рыбакина алғаш рет Индиан Уэллс турнирінің финалына өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Финалда Елена Рыбакина белоруссиялық Арина Соболенкомен сынға түседі

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, польшалық Ига Швентекке қарсы ойнады.

Ойын нәтижесі бойынша, Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды.

Осылайша, Елена әлемнің бірінші ракеткасын айқын басымдылықпен жеңді. Ал бұл жеңіс Рыбакинаның өз спорттық жолында алғаш рет Индиан Уэллс жарысының (жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары) финалына жолдама берді.

Финалда Елена Рыбакина белоруссиялық Арина Соболенкомен сынға түседі.

Айта кетейік, биыл Аустралия ашық чемпионатының финалында А.Соболенко Е.Рыбакинаны жеңіп кеткен болатын.