Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Кей өңірлерде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы 18 наурыздағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің хабарлауынша, атлантикалық циклон жырасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.