Арқалықта мас жүргізуші аялдаманы бұзып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамада адамдар болмаған

фото: polisia.kz

Арқалық қаласында полиция қызметкерлері аялдамаға соғылған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

26 жастағы жүргізуші ВАЗ 2112 автокөлігін басқарып, қоғамдық көлік аялдамасына соғылған.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізді. Ол мас күйінде болған.

Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Баптың санкциясы 20 тәулік мерзімге қамауға алуды және 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айыруды көздейді.