Ол жергілікті тұрғындармен кездесіп сөйлесті
«Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясынан Мәжіліс депутаттығына Кандидат Айжан Сқақова Атырау облысының Доссор кентіне барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнда ол жергілікті тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуде өңірдің экологиялық мәселелері талқыланды.