Партия мүшелері кандидаттармен бірге еліміздің бірқатар ауылдарын аралады
«Ауыл» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттарының үгіт-насихат науқанын талқылаған қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға партия төрағасы Әли Бектаев, Мәжіліс пен мәслихаттарға партиялық тізім мен мажоритарлық жүйе бойынша түсетін кандидаттар, партияның өңірлік филиалдарының, өңірлік штабтардың басшылары мен мүшелері, жергілікті халық қатысты.
Партия мүшелері кандидаттармен бірге жұмылып жұдырық болып, бір ай бойы еліміздің түкпір-түкпірін аралады, жұмыс істеді, үгіт-насихат жүргізді. Басқалар ат ізін салмаған Қазақстанның шалғайындағы, қияндағы ауылдарға да барды.