«Respublica» партиясы үгіт-насихат жұмысын Ұлытау өңірінде аяқтады

Автор: Azattyq Rýhy

Партия бір ай ішінде барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды аралады

Үгіт-насихат кезеңінің соңғы күні «Respublica» партиясының өкілдері «Kazakhmys Smelting» ЖШС мыс қорыту зауытының еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия бір ай ішінде барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды аралап шықты. Ұлытау өңірі - Respublica көшбасшылары мен кандидаттары барған соңғы өңірі.

Мұнда партия белсенділері Respublica-ның негізгі идеялары мен ұсыныстарын айтып, азаматтардың сауалдарына жауап берді.