Жоба аясында партия белсенділері еліміздің бірқатар өңірлерін аралады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның «үгіт пойызы» жобасын қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында партия белсенділері ҚР барлық дерлік елді мекендерін, оның ішінде шалғайдағы ауылдарды аралады. Үгіт пойыздарының басында филиал төрағалары мен депутаттыққа кандидаттар болды. Кездесулер өткізіліп, әр сайлаушыға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.