Жиында жергілікті өңірдің экологиялық жағдайы талқыланды
ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына кандидат Болат Нұрхожаевтың бастамасымен «BAYTAQ» жасылдар партиясының өкілдері «Абай Дәулет» компаниясының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде жергілікті тұрғындарды, атап айтқанда, мал шаруашылығымен айналысатын компания қызметкерлерін толғандыратын мәселелер талқыланды. Ол жерде Болат Нұрхожаев өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы жергілікті халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығына әсер ететін экологиялық жағдай сөз болды.