Кандидаттармен кездесуге «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС еңбек ұжымы келді
«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Айбын Төреханов, Жандос Тұрсынғалиев, Алмас Мұхаметов, Әлібек Қантай және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласында сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кандидаттармен кездесуге «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС еңбек ұжымы, Панфилов ауданының ауыл шаруашылық, орман, су шаруашылығы еңбеккерлері, ауыл шаруашылығына қатысы бар қаржы саласының қызметкерлері, жалпы саны 400-ге жуық адам келді. Жиында Қазақстандағы ауылдық аумақтардың бүгінгі сын көтермейтін ахуалы мәселе ретінде көтеріліп, оларды оңалту жолдары талқыға түсті.