Қазақстанда бір тәулікте жүзге жуық адам коронавирус жұқтырды

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ-ге шалдыққандар арасында 3 адамның жағдайы ауыр

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте жүзге тарта адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Azattyq Ruyhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның 17 наурыздағы мәліметінше, елімізде 1 832 адам коронавирус инфекциясынан (–1 656+ және 176 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 136 пациент стационарда, 1 696 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  3 адамның жағдайы ауыр,
  •  3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.