Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қолға түскен үш адам қамауға алынды

фото: aikyn.kz

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды.

Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі «Бопсалау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілердің үшеуі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынды.