«Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдіктіні Алатау ауданындағы «Ұлжан» ықшамауданында қолға түсті

фото: ult.kz

«Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«1987 жылы туған, Д.есімді азамат,  Жамбыл облысының тумасы. Жедел деректерге сәйкес,  Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының қолдаушысы болып табылады. Күдіктінің жеке басын тінту барысында, ішінде есірткі салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Ұсталған азамат есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», - деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дархан Әбіқұлов.

Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.