Алматыда Respublica партиясы форум өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Онда партияның ауқымды мақсаттары айтылды

Алматыда өткен ReStart форумы барысында Respublica партиясының тең төрағасы Руслан Берденов өзінің жеке іскерлік міндеттерімен қатар, партияның ауқымды мақсаттары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз қазірдің өзінде 19 облысты араладық, жағдай жақсы деп айта аламын. Бұрын мен ауыл мен қаланың арасындағы үлкен айырмашылық туралы ойламаппын. Бұл олқылық барлық жерде сезіледі, ел халқының жартысына жуығы ауылда тұрады. Сондықтан да партияның басты мақсаты – Отанға, халқымызға көмектесу», – деп атап өтті Руслан Берденов.