Партия үгіт-насихат жұмыстары аясында 3 мыңнан астам кездесу өткізді
«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы Елорданың ботаникалық бағында экологиялық марафоннан және қатысушыларды партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырудан тұратын іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ұйымдастырушылар жарысты жеңіл режимде өткізді. Сонымен қатар, қатысушылар өз таңдауы бойынша 2,5-тен 5 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсерді.
«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, партия үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыра отырып, бүкіл ел бойынша 1 миллионға жуық адамды қамтитын 3 мыңнан астам кездесу өткізді.