«Ақ жол» партиясының белсенділері Семейге барды

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуге келгендер әлеуметтік мәселелерді талқылады

«Ақ жол» демпартиясы Республикалық штабының мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, Абай облысы филиалының төрағасы Ержан Тілеужанов және Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «Қазполиграф» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында әділ сайлау мәселесі көтерілді. «Ақжолдықтар» мұғалімдерді бөгде жұмысқа тартуға тыйым салу, мұғалімдердің сайлау комиссияларына қатысуын шектеу, ҚҚС-тың сараланған мөлшерлемелерін енгізу, инфляциямен күрес, ипотекалық несиенің жоғары пайыздық мөлшерлемесі туралы айтты.

Жиналғандар зейнет жасын төмендету, әлеуметтік баспанаға қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ, Үкімет алдында ауыл шаруашылығын қолдау мәселесін көтеруді сұрады. Қызметкерлер ақжолдық кандидаттарға кездесу үшін алғыс айтып, қолдау білдірді.