Аргентинада инфляция 100%-дан асып кетті

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Бұл – 1990 жылдардың басындағы гиперинфляциядан бері алғаш рет болып отырған жағдай

Foto: Especial

Аргентина халқы қымбатшылыққа ұшырады. Ел билігі соңғы отыз жылда инфлацияны тежеуден жеңіліс тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Аргентина статистика қызметінің мәліметі бойынша, елдегі инфляция 102,5%-ға жеткен. Кез келген тауардың бағасы кемінде екі еседен асып кеткен. Бұл – 1990 жылдардың басындағы гиперинфляциядан бері алғаш рет болып отырған жағдай.

Аргентина көптеген жыл бойы экономикалық қиындықтан шыға алмай келеді. Халықтың көп бөлігі кедейлікте өмір сүріп келеді. Үкімет азық-түлік пен басқа да тауарлардың бағасын шектеу арқылы инфляцияны тежеуге тырысады. Бірақ соған қарамастан, азық-түлік пен алкоголь өнімдерінің құны күн сайын шарықтап келеді.

Соңғы екі айдың өзінде баға 9,8%-ға өскен. Аргентиналық бұқаралық ақпарат құралдары бағаның бұлай күрт өсудің басты себебі ет бағасы болды деп болжайды. Еттің құны тек бір айда 20%-ға қымбаттаған. Қолайсыз ауа райы, ұзаққа созылған ыстық пен құрғақшылық (Аргентинада қазір күздің басы) мал басы мен егінге қатты әсер еткен.

Инфляция деңгейінің 100%-дан асуы ресми хабарланғанға дейін де, аргентиналықтар қымбатшылқты айрықша сезініп, қиындықты бастан өткеріп келген. Өткен жылы да тұрғындар үкіметке өмір сүрудің қиындығын айтып, онымен күресуді талап етіп, көшеге шықты. Ал биылғы ақпанда Аргентина орталық банкі бағаның өсуіне жауап ретінде 2 мың песодан тұратын жаңа банкнот енгізетінін айтты. Аргентина Үкіметінің инфляцияны тежеу әрекеті биліктегілердің өзара жанжалдасуына әкеледі. Мәселен, өткен жазда экономикалық дағдарыс кезінде төрт аптаның ішінде үш экономика министрі ауысқан. Сонымен қатар Аргентина президенті Альберто Фернандес өзінің орынбасары Кристина Фернандес де Киршнермен елдің экономикалық мәселелерін шешу жөнінде келісімге келе алмай отыр.

Ал осы жылдың ақпанында Аргентина орталық банкі бағаның өсуіне жауап ретінде 2 мың песодан тұратын жаңа банкнот енгізетінін айтты. Оның құны 9,9 АҚШ долларына тең. Қазір Аргентинадағы ең үлкен вексель – 1000 песо нотасы.

Өткен жылдың желтоқсанында Халықаралық валюта қоры Аргентина үшін экономикалық көмек ретінде тағы алты миллиард доллар траншты мақұлдады. 30 айдың ішінде Аргентина ХВҚ-нан 44 миллиард доллар алады деген болжам бар.