Синоптиктердің болжамынша еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын жауады
Ауа райына байланысты е13 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Астана қаласында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда, күндіз облыстың шығысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақытта 23 м/с күтіледі
Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с сақталады
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0-5 градус жылы болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Шымкентте шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.