Тұрғындар жасыл кеңістіктің мүлдем жоқтығына шағымданады
«Байтақ» жасылдар партиясының көшбасшысы, Астана қаласының 2-ші округі бойынша мәжіліске кандидат Азаматхан Әміртаев Елордадағы «Тамаша» ТК тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындар нашар жолдарға, жасыл кеңістіктің мүлдем болмауына шағымданады. Сонымен қатар, тұрғын үй кешені орталық кәріз жүйесіне қосылмаған.
Азаматхан Әміртаев атап өткендей, қазір сол жағалаудың жаңа аудандарында жаңа коммуникация жолдарын салу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.