Жиында экологиялық туризмді дамыту мәселесі сөз болды
«Байтақ» жасылдар партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Айтуар Туғанбеков , Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің дирекциясымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық табиғи парктер – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар. Мұндай аумақтар тұрақты экологиялық туризмді дамыту орны ретінде қызмет етеді. Экологиялық туризмді дамыту – партияның басым бағыттарының бірі болмақ.