Партия белсенділері Ақтаудағы «Олжа» базарын аралады
Партия мүшелері жергілікті базарларды да аралап, кез келген жағдайда жұмыс істеуден қорықпайтын адамдарға қолдау білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Партияның тең төрағасы Сырымбек Таудың айтуынша, қыстың аязында отбасын асырау үшін базарда жұмыс істейтіндерді нағыз батыр деп санау керек:
«Осы жердегі әпке-қарындастарымыз, аналарымыз - нағыз батырлар. Себебі сіздер, ешкімге қол жаймай, мүмкіндігінше табысқа ұмтылып жүрсіздер. Сіздер сияқты Қазақстанның әр азаматы еңбек ететін болса, біз жетістікке жетеміз. Ең бастысы, соған ыңғайлы заң керек. Несиелеріміз 40-50 пайызбен емес, кәсіпкерлер үшін ыңғайлы болуы тиіс. Біз сол кәсіптен шыққан адамдар болғандықтан, кәсіпкерлердің жағдайы дұрыс болса екен дейміз, және сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Сол үшін кәсіпкерлер бірігіп, ортақ іс жасау үшін жиналдық. Біз дәл осы тәртіпті өзгертуді көздеп отырмыз», - деді ол көпшілік алдында сөйлеген сөзінде.