Кездесуде қазіргі ауыл моделі туралы мәселе талқыланды
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаттары Орал қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында «Заманауи ауыл моделі» тақырыбы талқыланды. Жиынға қатысушылар болашақта ауыл қандай болуы керек, жастар оны қалай көргісі келетіні туралы пікірімен бөлісті.