Кездесу Ағадыр кентінде өтті
9 наурызда Қазақстан Халықтық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Қалел Мақсұтов пен Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Нұрлан Әбжанов Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр кентінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде көп балалы аналардың, жастардың, жер және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды. Өз кезегінде сайлаушылар оларды толғандыратын бірқатар сұрақтарын қойды.