Марат Әшім Президенттің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Ақорда

Марат Әшім Президенттің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Дмитрий Леонидович Михно Президенттің Протокол қызметінің бастығы лауазымынан босатылды.