ЖСДП-дан депутаттыққа үміткер кездесулер өткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Партия белсендісі ШҚО-да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан кандидат Виктор Калгин «Үгіт пойызы» аясында Шемонаиха қаласында болып қайтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда ол жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді. Үгіт-насихат пойызының мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа кеңінен таныстыру.