13 наурызда Оралда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын
Орал қаласының әкімдігі саяжай тұрғындарын су басу қаупі туралы ескертіп, эвакуацияға дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шаған мен Дерқұл өзендерінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты саяжайларды су басу қаупі төніп тұр.
«Шаған және Дерқұл өзендерінде су деңгейінің көтерілу мүмкіндігі және осы өзендерге жақын маңда орналасқан бау-бақша серіктестіктерін су басу қаупі бар. Су басу қаупі бар саяжай тұрғындары эвакуацияға дайын болуы керек», –деді әкімдік.