$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қобда ауданындағы су тасқынына байланысты комиссия құрылды

Қобда ауданындағы жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынды

Қобда ауданындағы су тасқынына байланысты комиссия құрылды
фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданының Қобда ауылында су тасқынына қарсы штабтың шұғыл отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін өңір басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдімекенді су басудың алдын алу және көлік қозғалысын қалпына келтіру мақсатында 13 наурызда бұзылған «Самара-Шымкент» халықаралық маңызы бар жолдың 613-шақырымында металл су өткізгіш құбырларды орнату және инертті материалдармен толтыру жөніндегі жұмысты аяқтауды тапсырды.

Тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов зардап шеккен әр отбасына қажетті көмек берілетінін атап өтті.

«Ауданда комиссия құрылып, үйлер тексерілетін болады. Біз барлығына қолдау көрсетеміз, қаражат бөлеміз, мүмкіндігінше тез қалпына келтіреміз. Бұл жағдайға мұқият талдау жүргізіліп, су тасқынының қайталануына жол бермеу шаралары қабылданады»,- деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Серіктес жаңалықтары