Қызылордада кандидаттар ардагер ұстаздармен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуге қатысушылар инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үйге қолжетімділік мәселелерін талқылады

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар партияның қалалық филиалында ардагер ұстаздармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жиында сөз алған Аида Абибуллаева сайлауалды бағдарлама туралы айта келе, «AMANAT» партиясы оқуға ынталандыратын орта құруға ниетті екенін атап өтті. Бұл ретте балалар мен мұғалімдерге жүктеме оңтайландырылатын болады. Бұдан басқа, кездесуге қатысушылар инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үйге қолжетімділік мәселелерін талқылады.

«AMANAT» партиясы өңірде 3,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндетін қойып отыр. Сондай-ақ, 93 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінуіне жұмыс жасалатындығын айта өткеніміз жөн. Жүргізілетін құрылыс жұмыстарының сапасы мен кезектіліктің ашықтығы «AMANAT» партиясының бақылауында болады»,-деп атап өтті Аида Абибуллаева.

Ал, үміткер Балжан Шәменова ел дамуы жолындағы тапсырмаларды тыңғылықты орындау – басты міндет. Сондықтан халықпен тығыз жұмыс істеу керек. Өйткені мемлекет тарапынан әл-ауқатты көтеретін қаншама бағдарламалар бар деп атап өтті.

«Өздеріңіз көріп жүрсіздер, қоғам өзгерісті талап етеді. Біздің партия сұранысқа қарай жаңғырып, жетіле түседі. Сондықтан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы 200 мыңнан аса адамның талап-тілектері, өтініш-ұсыныстарының сарапталуынан құралды. Біз сайлауға шын мәнінде халықтың аманатын арқалап барамыз»,-деді кандидат.

Кездесу соңында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұстаздар қауымын 19 наурыздағы сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді