$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады

Президент бүгінгі мереке ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі екенін айтты

Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады
Фото ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет басшысы өз құттықтауын Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.

«Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!» – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

Айта кетсек, бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Көрісу – бастауын сан мыңдаған ғасырдан алатын дәстүр. Шартты түрде наурыздың 14-і «Көрісу күні» (кейде «қауышу күні) деп аталады. Ал халық арасында Наурыз мейрамын қарсы алу осы күннен басталады.

Тақырыпқа орай: «Көрісу ұғымы Наурыз мерекесімен бірдей»: ғалым Амал мерекесінің маңызы жайлы

Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Көрісу – пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиіп, адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, бір-біріне тілектерін айтатын күні.

Серіктес жаңалықтары