Олар партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді
2 наурызда «Ауыл» партиясынан Абай облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың облыс бойынша депутаттығына кандидаттар «СемАЗ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2006 жылы құрылған «СемАЗ» ЖШС Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және коммерциялық жүк техникасының отандық өндірушісі болып табылады. Бүгінде кәсіпорында 400-ден астам адам жұмыс істейді.
Жергілікті мәслихаттарға кандидаттар жиналысқа қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында үміткерлер қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады.