«Ауыл» партиясының өкілдері Қостанайда фермерлермен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті

«Ауыл» партиясының Қостанай облыстық филиалы 1 наурызда Қостанайда агроөнеркәсіп кешені тақырыбына орайластырылған дөңгелек үстел ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға партия мүшелері Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, София Абдразакова, Светлана Прокопьева, Рабиға Тоқсейітова және Берікжан Қайыпбай, сондай-ақ отбасылық аграрлық әулеттердің негізін қалаушылар, фермерлердің ата-аналары мен туыстары, студент жастар, АӨК, Білім және мәдениет өкілдері қатысты.