Олар жергілікті жылқы тұқымын өсіру мәселесін талқылады
Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға кандидаттар Қостанай ауданы Заречное ауылында орналасқан «Қазақ тұлпары» ЖШС жылқы зауытына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар Қостанай облысының агроөнеркәсіптік кешенінің өкілдерімен кездесті. Жиында «Қостанайлық жылқы тұқымын дамыту мәселелерін анықтау және шешу» тақырыбы талқыланды.