Партиялықтар Петропавлдағы «Есіл су» РМК ұжымымен кездесті
Петропавлда 26 ақпанда «Ауыл әлемнің 100 тілінде» тақырыбында ұлттық диаспоралар көрмесі өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қайрат Айтуғанов, Николай Арсютин, Серік Егізбаев, Рабиға Тоқсейітова, София Абдразакова Петропавлда Қазақстанның үш солтүстік өңірін ауыз сумен қамтамасыз ететін «Есіл су» РМК ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрамына Булаев, Есіл, Соколов, Пресновский топтық су құбырлары кіретін «Есіл су» РМК Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының 200 мыңға жуық тұрғыны тұратын 250-ге жуық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Іс-шарада сөз сөйлеген кандидаттар әлемдегі таза су тапшылығы туралы жалпы мәліметтерді ұсынды және үш өңірдің халқын өмірлік маңызды ресурспен қамтамасыз ететін кәсіпорындар қызметкерлерінің жұмысын бағалады.
Сондай-ақ, кездесуде қызметкерлерді толғандыратын мәселелер мен шешу жолдары талқыланды, сұрақ-жауап сессиясы өтті.