Онда олар жүргізушілермен және автопарк қызметкерлерімен кездесу өткізді
«Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Семейдегі автопаркке барып, жүргізушілермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүргізушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мәселелерімен бөлісті, атап айтқанда, жалақы, еңбек жағдайлары, жұмыс жүктемесі туралы сұрақтар болды. Сонымен қатар, олар партия өкілдеріне еңбек адамының мәртебесін көтеру жөнінде ұсыныстар айтты.