Эльмира Әуезова сауда орталығының ұжымымен кездесті
4 наурызда Қазақстан Халықтық партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Эльмира Әуезова Ақтаудағы сауда орталығы мен «Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС ұжымдарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ол партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.
Кездесу соңында Эльмира Әуезова қатысушыларды дауыс беру құқығын іске асыру үшін сайлауға келуге шақырды.