ҚХП өкілі Семей қаласындағы коммуналдық кәсіпорында болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол ұйым қызметкерлерімен сөйлесті

Қазақстан Халықтық партиясынан Мәжіліс депутаттығына Кандидат Александр Милютин «Семей Тазалық» еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол халықтық партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесу барысында ең төменгі жалақы, жұмысқа орналасу және кедейлікпен күрес мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, қатысушыларға үгіт материалдары таратылды.