Эльмира Әуезова партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісіне кандидат Эльмира Әуезова Батыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эльмира Әуезова Орал дәрігерлеріне ҚХП сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Іс-шараға қатысушылар дәрігерлердің жалақысын көтеру және олардың әлеуметтік мәртебесін бекіту қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ, білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуде партия өкілдері сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп, аудиториямен еркін пікір алмасты.