Ирина Смирнова кірпіш зауытының ұжымымен кездесті
Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат, партия төрағасының орынбасары Ирина Смирнова Ақмола облысындағы «ENKI» ЖШС кірпіш зауытының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ирина Смирнова әрбір қазақстандықтың медициналық көмекке және жоғары оқу орындарында оқуға тең қолжетімділігі болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл елге деген сенімді нығайтатын, болашаққа сенімділік пен өз құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін негізгі шарттар.
Біздің азаматтарымыз үшін үлкен проблема – өз баспанасының жоқтығы, соның салдарынан жастар отбасын құра алмайды, көп балалы балалар тар жағдайда өмір сүреді. Зейнеткерлік жастың төмендеуі біздің көптеген отандастарымызды да толғандырады.