Кездесуде білім беру мәселелері талқыланды
Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Магеррам Магеррамов Павлодарда «Компания Нефтехим LTD» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Магеррам Магеррамов қазақстандықтардың құқықтары толығымен қорғалуы керек деді. Зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі ерекше назар аударуды қажет етеді.
Кездесуде білім беру, әлеуметтік теңсіздік, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.